16 C
Нур-Султан
Астана
Суббота, 20 апреля, 2024

Инклюзивті білім беруді дамыту орталығы: ерекше балаларға арналған бірегей мектеп

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ — ғылыми және практикалық қызметпен айналысатын Қазақстандағы алғашқы және жалғыз ұйым. Негізгі жұмысы ерекше білімді қажет ететін балаларға бағытталған. Орталық жетекшісі Әйгерім Күдеринова мекеменің қызметі, балаларға білім беруде қолданылатын әдістер туралы айтып, жоспарларын бөлісті.

Прогрессивті білім беру жүйесі міндеттерінің бірі — ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесіне инклюзивті тәсілдерді енгізу. Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы Конвенциясында, мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім беру саласындағы қағидаттары, саясаты және тәжірибесі туралы Саламанка декларациясында жарияланған дене, психология, ақыл-ой, мәдени, этника, тіл және басқа да жеке ерекшеліктеріне қарамастан барлық балаларды тәрбиелеуге тең құқықтар туралы ойға негізделді.

2011 жылы Қазақстанда инклюзивті білім беру қажеттілігі туралы «2011-2016 жылдарға арналған ҚР білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Дәл сол кезде инклюзивті білім беруді дамытуға, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасауға, кадрлар даярлауға, даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін әдістеме ұсынымдарын әзірлеуге маңызды бағдарлар жасалды», – дейді Әйгерім Күдеринова.

Инклюзия ерекшеліктерін ескере отырып, білім жүйесінде кеңес заманындағы білім беру қызметінің тәжірибесін алуға шешім қабылданған. Сол кезеңнен бастап мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру ортасына бейімдеу қамтамасыз етілген.

«Мұны әртүрлі жүйелердің бірігуі деп айтуға болады. Яғни, кеңес одағы мектептерінің тәжірибесі, жалпы білім беретін мектептер базасында арнайы түзету сыныптары ашылған кездегі инклюзияның толық емес интеграциялану әрекеттері. Мұны ішінара инклюзия деп атауға болады. Мүмкіндігі шектеулі балалар бөлек мектепте оқымай, барлығымен тең дәрежеде білім алды. Негізгі білім беру жұмыстарынан басқа педагогтар олармен тәрбие жұмыстарын, үйірме сабақтарын өткізді», – дейді арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры.

Оның айтуынша, алғашқы отандық дефектологтар Мәскеу мен Санкт-Петербург университеттерінде білім алған. Кейін Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң мұндай кадрларды ел ішінде дайындау, дефектология бөлімдерін ашу, мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты көмек көрсету жүйесін құру және дамыту қажет болды. Сол кезде қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында Абай атындағы дефектология факультеті ашылып, Қарағанды педагогикалық институтында да осы факультет жұмысын бастады. Алайда, мамандар тапшы болды. Уақыт өте келе педагогика қауымдастығынан кәсіби міндеттер мен оларды шешудің жаңа тәсілдері талап етілді.

1992 жылы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы заманауи арнайы білім беру жүйесінің жетекші ғалымы және ұйымдастырушысы Роза Сүлейменова еліміздегі алғашқы инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ашылуына септігін тигізді. Сол кезеңде Түзету педагогикасының орталығы деп аталды. Міне, жылдар өте «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ елімізде ғана емес, ТМД-да да ғылыми және практикалық қызметті үйлестіретін жалғыз мекемеге айналды.

«Инклюзивті білім беру орталығына 3 жыл бұрын келдік, ол кезде ұлым 2,5 жаста еді. Баламның анық сөйлемейтінін байқадық. Ұлым бір жарым жасында алғаш рет сөйледі, содан кейін үнсіз қалды. Қатты алаңдап, бірден мамандардың көмегіне жүгіндік. Орталыққа келген 3 жыл ішінде балам анық сөйлей бастады. Мұғалім нәтиже мен тәжірибені дамыту үшін көптеген үй тапсырмасын береді. Олардың дамыту сабағын өткізетіні ұнайды.

Мен мұндай адамдарды көп кездестірген жоқпын. Балалармен жұмыс істеу оңай емес, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу, тапсырманы екі есе қиындатуы мүмкін. Дұрыс тәсілді білу қажет. 2020 жылы карантин кезінде қызметкерлер толыққанды даму процесін тоқтатпау үшін балалармен онлайн-сабақ өткізуді жалғастырды. Сондай-ақ орталықтың техникалық жабдықталу ауқымы да таңғалдырады, әрбір оқытушының кабинеттері оқу бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес жабдықталған. Балалар мұнда қызметкерлердің балаларға және олардың ата-аналарына деген жақсы қарым-қатынасы, сондай-ақ ерекше атмосфера үшін келгенді ұнатады», – дейді ата-ана.

 

Соответствующие статьи

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Последние новости